(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2009...

Қостанай ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы
Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 254 шешімі

 

Осы редакция 2010 жылғы 15 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 561 «Қостанай ауданының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәслихат шешімінің жобасын Қостанай аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізу туралы» қаулысын қарап, Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қостанай ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 2505149,0 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері - 1277852,0 мың теңге;

салыққа жатпайтын түсімдер - 3151,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 18997,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 1205149,0 мың теңге;

2) шығындар - 2488149,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0;

4) қаржы активтерімен операция бойынша сальдо - 17000,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 17000,0 мың теңге.

5) Тапшылығы (артығы) - 0,0;

6) Тапшылығын қаржыландыру (артығын пайдалану) - 0,0.

2. Ауданның 2010 жылға арналған бюджетіне облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 867091,0 мың теңге сомасында белгіленгені назарға алынсын.

3. 2010 жылға арналған аудандық бюджетте бұрын субвенцияны есептеу және 169577,0 мың теңге сомасында алып тастау кезінде есептелген еңбек төлемінің жарты жылдық қорын қысқарту бойынша республикалық бюджетке облыстық бюджеттен аударылатын ағымдағы трансферттерді қайтару көзделгені ескерілсін.

4. Ауданның 2010 жылға арналған бюджетінде облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер және нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін:

көлік инфрақұрылымын дамытуға 120000,0 мың теңге сомасында, оның ішінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.